Оқиға

Өскемендік шенеуніктерінің қатысуымен болған төбелестің видеосы жарияланды

  • Видеодан кадр: Atameken Info YouTube арнасы

    Видеодан кадр: Atameken Info YouTube арнасы

Әлеуметтік желіде Өскемендегі мейрамханалардың бірінде болған төбелестің видеосы тарады. Кадрда жергілікті шенеуніктердің бейнеленгені айтылған. Бұл жайтқа қатысты Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

 

Бірнеше күннен бері желі қолданушылары Өскемендегі "Serebro" мейрамханасында болған жанжалдың видеосын талқылап жатыр. Ғимаратта бірнеше шенеуніктің кездескені айтылып, тіпті олардың есімдері де аталған.

 

Сондай-ақ төбелеске қатысушылардың бірі мейрамхана иесіне ауыр жарақат салғаны хабарланған.

 

Бұған қатысты Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті пікір білдірді.

 

Ведомствоның мәліметінше, жанжал 2020 жылдың 26 желтоқсанында болған.

 

"Өскемен полиция басқармасында 2020 жылы 26 желтоқсанында "Serebro" мейрамханасында болған денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Қазіргі уақыта қылмыстық іске қатысы барлар мен басқа да тұлғалар анықталып, тиісті тергеу амалдарының кешені жүргізілуде", - дейді ведомство.

 

Полиция департаменті іс фигуранттарының аты-жөні мен қызметін жария етпеді. Алайда Өскемен қаласы әкімінің болған оқиғаға қатысы жоқ екенін жеткізді.

 

Айта кетейік, әлеуметтік желілерде төбелеске қала басшысының куә болғаны айтылған еді.

 

"Өскемен қаласы әкімінің болған жайтқа қатысы жоқ. Тергеу барысында қылмыс жасалған күні оның көрсетілген ғимаратқа келмегені анықталды. Бұл куәгерлер берген түсініктеме мен бейнебақылау камераларынан алынған жазбамен расталды", - дейді өңірлік полиция департаменті.

 

Қазіргі уақытта іс бойынша тергеу амалдары жалғасуда.

 

 




Көрілген: 1042    Пікірлер: 0

сенбі, 20.02.2021, 10:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30