Оқиға

Отағасы тіл тартпай кетті: Павлодар облысында жылқының кесірінен бүтін бір отбасы апатқа ұшырады

  • Отағасы тіл тартпай кетті: Павлодар облысында жылқының кесірінен бүтін бір отбасы апатқа ұшырады

    Отағасы тіл тартпай кетті: Павлодар облысында жылқының кесірінен бүтін бір отбасы апатқа ұшырады

Павлодар облысында бүтін бір отбасы жол апатына ұшырады. Жол-көлік оқиғасына қараусыз жылқылардың жолға шығып кеткені себеп болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі облыстық ПД-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Оқиға 13 қарашада кешкі сағат 19:11 шамасында Ленин-Ертіс автожолында орын алған. Полиция мәліметінше, «ВАЗ-21014» көлігінің 32 жастағы жүргізушісі жолда қараусыз жүрген жылқылармен соқтығысыпты.


«Жол-көлік оқиғасы салдарынан отағасы оқиға орнында тіл тартпай кетті. 1990 жылғы жұбайы, 2014, 2015 және 2017 жылғы балалары түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді», - дейді полициядағылар.


Оқиғадан кейін көлік айып тұрағына қойылды. Тексеру жүргізіліп жатыр.


Полициядағылар мал шаруашылығы иелеріне жайылымға шығарылған түлікті қараусыз қалдырмау керегін еске салады.


«Әсіресе автожолдарға жақын жерде қараусыз қалдырмаңыздар. Себебі сіздің салғырттығыңыздың себебінен адамдар көз жұмып, балалар ата-анасыз қалып, ата-анасы ұл-қыздарынан айырылуы мүмкін», - дейді ведомстводағылар.




Көрілген: 1169    Пікірлер: 0

бейсенбі, 14.11.2019, 12:46

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31