Ойынқұмар жігіт жұмыс орнының 24 млн теңге ақшасын ұтқызып жіберген

26 сәуір 2022, 23:37

ЖШС директоры тауарларды ысырап ету фактісі бойынша полицияға жүгінген, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Рavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, кезекті оқиға Павлодар қаласында болған. 

 

- Тәртіп сақшылары осы компанияның 26 жастағы сауда агенті 2021 жылдың қыркүйегінен желтоқсанына дейін сеніп тапсырылған темекі өнімдерін ысырап еткенін анықтады. Қызметкер дүкендерден өтініштер жинап, тауарлар жеткізген, ал дүкендерден жиналған ақшаны ішінара бухгалтерияға тапсырған. Бір бөлігін өзіне қалдырған. Осылайша, төрт айда павлодарлық 24 млн теңге алған, - дейді департаментте.

 

Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 189-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Айта кетерлігі, жас жігіт -  ойынқұмар. Ол фирманың барлық ақшасын жұмсаған. 

 

Полиция кәсіпорындар мен фирмалардың иелеріне мезгіл-мезгіл түгендеу мен аудит жүргізуге, тауарлар мен материалдарды сақтау орындарында өткізу жүйесі мен бейнекамераларды орнатуға кеңес береді.

 

Айта кетерлігі, жыл басынан бері полицияда бөтен мүлікті талан-таражға салудың 31 фактісі тіркелді.