Оқиға

Өз көлігімен кеткен: Павлодар облысында жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен әйел өлі табылды

  • Өз көлігімен кеткен: Павлодар облысында жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен әйел өлі табылды

    Өз көлігімен кеткен: Павлодар облысында жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен әйел өлі табылды

Павлодар облысының Екібастұз қаласында қазан айының ортасында жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен әйел өлі табылды. Полиция оның өліміне күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Полиция мәліметінше, 15 қыркүйекте қала тұрығын полицияға жүгініп, қызының жоғалып кеткенін айтқан. Анасының сөзінше, 34 жастағы Катерина Коковина бірнеше күн бұрын Nissan Qashqai көлігіне мініп, үйінен шығып кеткен. Содан кейін қайтып оралмапты.


«Жергілікті полиция басқармасы жоғалып кеткен әйелдің қайда екенін және жоғалып кетуінің мән-жайын анықтау үшін, іздестіру шараларын ұйымдастырды. Оған полиция қызметкерлері мен еріктілеп тартылды.


Тәртіп сақшылары үйлердің әр пәтеріне дейін, сонымен қатар жақын жердегі дүкендерді тексеріп, бейнебақылау камерасындағы жазбаларды қарады», - дейді ведомстводағылар.


Сондай-ақ, полицейлер мен еріктілер үйлердің жертөлесі мен шатырларын, құдықтар, бос қалған ғимараттарды тексерді.


Сонымен қатар полицейлер әйелге қатысты түскен әрбір ақпаратты тексерген.


«Ертесі күні жедел іздестіру шараларының барысында жоғалып кеткен әйелдің көлігі қайда екені белгілі болды. Кеше тәртіп сақшыларымен қылмысты жасады деген күдікті анықталып, ұсталды. Ол – Екібастұз қаласыынң 1992 жылғы тұрғыны. ЖШС-лардың бірінде жұмыс істейді. Жоғалып кеткен әйелдің денесі табылды», - дейді полициядағылар.


Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің «Кісі өлтіру» бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.




Көрілген: 1725    Пікірлер: 0

бейсенбі, 24.10.2019, 14:19

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30