"Өзенмұнайгаз" ғимаратының алдында екі адам қарнын жарып тастады

10 маусым 2022, 10:41

Жаңаөзенде "Өзенмұнайгаздан" жұмыс сұрап барған екі ер адам  қызметке орналаса алмағаннан кейін өздеріне пышақ тығып алған. Бұл туралы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Қала әкімдігінің мәліметінше, 9 маусым күні сағат 15.00-де бір топ адам компанияға жұмысқа орналасуды талап етіп, "Өзенмұнайгаз" АҚ ғимаратының алдына жиналған.

 

"Жұмысқа орналаса алмаған екеуі - азамат С.К. және азамат С.Т. (бұрын сотталған) іштің алдыңғы қабырғасы мен білек аймағына пышақпен жарақаттар салып, екеуі де қалалық ауруханаға жатқызылды", - делінген ақпаратта.

 

Олардың өміріне қауіп жоқ. Ауруханаға жеткізілді. Жарақат алғандардың бірі ауруханаға жатудан бас тартып, ғимараттан шығып кеткен.

 

Әкімдік ер адамдар бұрын оқудан өтіп, 1 маусымда жеке компанияға 250 мың теңге жалақымен жұмысқа орналасқан.

 

"Оларға мұнай-газ саласына жұмысқа қабылдау алгоритмге сәйкес, жалпы кезек тәртібімен жүзеге асырылатыны бірнеше рет түсіндірілді. Алгоритмді бұзу, кезексіз жұмысқа орналастыру басқа жұмысқа орналасуға үміткерлерге әділетсіздікке әкеп соғады"- делінген хабарламада.