Оқиға

Өзіне қол жұмсаған: Қарағанды тұрғыны өлер алдындағы хатында полицейдің атын атады

  • Өзіне қол жұмсаған: Қарағанды тұрғыны өлер алдындағы хатында полицейдің атын атады

    Өзіне қол жұмсаған: Қарағанды тұрғыны өлер алдындағы хатында полицейдің атын атады

17 қараша күні Қарағандыда Можайский көшесіндегі үйдің пәтерлерінің бірінде жергілікті тұрғын Татьяна Костыгованың мәйіті табылды. Оның мүрдесінің жанында өзі өлер алдында жазған хат болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алдын ала ақпарат бойынша, әйел дәрі-дәрмек ішіп, өзін-өзі өлтірген.

 
Қарағандылық әйелдің денесінің жанынан өлер алдында жазған хаты табылды. Онда әйел өліміне полиция қызметкерін кінәлап, оның атын атайды.

"Мен одан қомақты ақша қарызға алдым, оны уақытында қайтара алмадым. Мен талабы өтініші бойынша үш үй мен пәтерді кепілге рәсімдедім", - делінген хатта.

Әйел 26 миллион теңге сомасындағы пәтерді сатудан түскен ақшаны полицейдің әйеліне бергенін мәлімдеген.

Полицейдің қоқан-лоққысы мен қысымы екі жыл бойы жалғасқан. Әйел қарызды өтей алмаған. 

Марқұм 2018-2019 жылдары полицейге жалпы сомасы 200 мың доллар өсімақы төлеген.

"Мен қарызды төлеуден бас тартқан жоқпын, оны мойындадым, бірақ енді пайыздарды төлеуге де, қарызды қайтаруға да мүмкіндігім жоқ. Бірақ қысым мен қоқан-лоқы күшейе түсті", - делінген жазбада.

Татьяна Қарағанды облысы ПБ өзіндік қауіпсіздік департаментіне жүгінген, оның өтініші бойынша көрсетілген фактілерге сәйкес тергеу жүргізілген, бірақ бір айдан кейін іс жабылды.

"Ол менен барлығын - бизнесті, тұрғын үйді, әділдікке деген сенімді тартып алды. Полицияда жұмыс істей отырып, Н. кейбір полиция қызметкерлерінің арамдық, өзімшілдік және өз өкілеттіктерін қылмыстық мақсатта пайдаланатынын растайды. Мен бұдан былай мұндай қысыммен өмір сүре алмаймын, маған біреу көмектеседі деп те сенбеймін... Мен басқа жолды көрмедім. Бұл өзін-өзі өлтіру емес, бұл кісі өлтіру. Мені Н. өлтірді, 14.11.2020", - деп жазған марқұм.




Көрілген: 916    Пікірлер: 0

бейсенбі, 19.11.2020, 09:39

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31