Оқиға

Паттайда қайтыс болған қазақстандыққа қатысты тың дерек шықты

  • © Чайёт Пупаттанапон

    © Чайёт Пупаттанапон

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Таиландтағы қайғылы жағдайға тап болған отандасымызға қатысты мәлімет берді, деп хабарлайды kaz.zakon.kz.


ҚР СІМ хабарлауынша, қайғылы оқиға 26 қыркүйекте болған.


"Біздің 78 жастағы азаматымыз Паттайя провинциясындағы жағажайда суға батып, көз жұмған. Алдын ала мәліметтер бойынша, әйел суға батып, тұншыққаннан қайтыс болған, бірақ біз әлі де медициналық сараптама нәтижесін күтіп отырмыз. Мен бүгін консулмен сөйлестім, әйелдің күйеуі мәйітті сол жақта кремациялау, яғни өртеу туралы шешім қабылдады, бірақ оның күлін Қазақстанға әкеледі", - деді Смадияров.


Сондай-ақ, консулдар жергілікті жерлеу рәсімдерімен шұғылданатын компаниямен сөйлескен. Бұл мәселе консулдықтың назарында.


Айта кетсек, Джомтьен жағажайындағы туристер мен сатушылар әйелдің өлі денесін тауып алған. Алдын ала мәліметтер бойынша, ол таңертең күйеуі ұйықтап жатқанда суға шомылуға шыққан. Кейін жағажайға күйеуі келіп, одан мәңгіге айырылып қалғанын білді.


 




Көрілген: 719    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 30.09.2019, 22:17

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31