Павлодар ауданында үш бөлмелі қамыс үй өртенді. Зардап шеккендер жоқ, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, тілсіз жау Павлодар ауданы, Ефремовка ауылдық округіне қарасты Ефремовка ауылы, 1 Мая көшесі, 18 үйде болған.
- Кеше яғни 16 желтоқсан күні сағат 22:54-те 101 пультіне үйдің өртенуі туралы хабарлама келіп түсті. Өрт жеке меншік үй аумағында орналасқан 3 бөлмелі қамыс үйде болған. Онда газоблокты сарайдың ағаш конструкциялары толығымен жанып кетті. Жалын жалпы аумағы 150 шаршы метр жерді шарпыды, - делінген хабарламада.
Өрт сағат 00:50-те оқшаулаынып, сағат 02-30-да толықтай жойылған. Қазіргі таңда себебі мен залалы анықталуда.
Өрт болған жерге 4 техника мен 18 қызметкер жұмылдырылды. Сонымен қатар, Павлодар ауданы "102", "103" қызыметкерлері мен электр желілерінің мамандары болды.
Өрт сөндірушілер электр қуатын 3 тізбек саты арқылы бағаннан диэлектрлік қайшымен ажыратты.
Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.