Оқиға

Павлодар мен Қарағанды облыстарында дала өрті болып жатыр

  • https://baq.kz/

    https://baq.kz/

Павлодар облысының Баянауыл, Құмдыкөл, Жаңажол, Сәтбаев, Қызылтау өңірлерінде және Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданына қарасты бірнеше ауылдың жайылым жері өртеніп жатыр.

 

 

Қазіргі таңда аталған өңірлердің өрт сөндіру қызметі, ауыл азаматтары түгелдей өртпен күресіп жүр.

 

Әзірге өрт қанша шаршы метр жерді алғаны белгісіз. Бізге белгілісі өрттің найзағай түсуден тұтанғаны. Жеке шаруа иелері де өрт сөндіруге күш салып жатыр. Әзірге Баянауыл Ұлттық табиғи парк аумағына кіре қойған жоқ, – дейді Баянауыл ауданы Жаңатілек ауылының әкімі Қуаныш Шалбаев.

 

 

Биылғы жылы еліміздің біраз өңірінде қуаңшылық орын алды. Бұл да дала өртінің тұтануына себеп болып отыр.

 

Ертең ауыл тұрғындары Алладан жаңбыр тілеп тасаттық беруді қолға алып жатыр. Жайылым күйіп, жер қурап барады, халықтың ақырғы амалы осы тасаттыққа тіреліп отыр, – дейді ауыл әкімі.

 

Біз де сапар барысында жүріп өткен жол бойында жылда саз боп, бұлақ ағып жатар алқаптардың шаңы шығып, шөбі қурап жатқанына куә болдық.

 

Нұр-Сұлтаннан Жидебайға дейін жалғасатын салт аттылар экспедиция мүшелері Жаңатілек ауылында дала өрті болып жатқаны туралы естідік. Қарапайым халық үшін дала өртінің зардабы аса қымбат болары анық.

 

 

Өрт сөндіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр.

 

Бұған дейін Павлодардағы «Ертіс орманы» өртенгендігін хабарлағанбыз.

 

 

 

 

baq.kz




Көрілген: 1028    Пікірлер: 0

сенбі, 19.06.2021, 01:02

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31