Павлодар облысында 21 адам үсік шалып, ауруханаға түскен
2021 жылдың бірінші және бесінші қаңтар аралығында облыс стационарларына 16 ересек және 5 кішкентай пациент жеткізілді деп хабарлайды Pavlodarnews.kz тілшісі.
 
Өңірлік денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, бірінші қаңтарда облыстық балалар ауруханасына көшеде спортпен шұғылданғаннан кейін жалпы салқындауы бар 17 жастағы жасөспірім және осындай диагнозы бар 11 жастағы қыз жеткізілді.
 
Сонымен қатар, бірінші дәрежелі оң қол саусағының үсік шалған 12 жасар павлодарлық және сол жақ құлақшасын үсік шалған жеті жасар бала жеткізілген.
 
Балалардың барлығы үйлеріне амбулаторлық емделуге жіберілді.
 
Еске сала кетейік, Екібастұз ауруханасына түнгі серуеннен кейін Солнечный кентінен бір жасар қыз бала түскен болатын. Оған оң қолының І-ІІ-ІІІА дәрежелі үсік шалу диагнозы қойылды.
 
- Баланың жағдайы орташа ауыр. Жақсарып келеді. Бірнеше күннен кейін үйге жіберіледі, - деді департаментте.
 
Дәрігерлердің көмегіне жүгінген облыс орталығының сегіз тұрғынының жартысы аурухана төсегіне аяқ-қолдарының үсуі салдарынан түсті. Екеуі мас күйде болған.
 
Екібастұзда тұратын үш ер адам мен екі әйелде аяздан табандары мен қолдың білектері ғана емес, сонымен қатар құлақ қалқандары да зардап шекті.
 
Ертіс ауданының екі тұрғыны білектері мен қолдарының үстіңгі үсік шалу салдарынан амбулаторлық емделуге жіберілді.
 
Сондай-ақ екінші қаңтарда облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына «пневмония» және екінші дәрежелі сол аяқ саусақтарының үсуі диагнозымен 52 жастағы ер адам жеткізілген.
 
Естеріңізге сала кетейік, Павлодар облысының аумағына Жаңа жылмен бірге аяз келді. Өңірде дауылды ескерту жарияланды.