Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Павлодар облысында 800 гектар орман өртеніп жатыр

16 шілде 2023, 11:02

Шарбақты ауданындағы «Ертіс орманы» аумағында болған орман өртін сөндіруге 200-ге жуық жеке құрам мен 50-ден астам техника қатысты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Оrda.kz-ке сілтеме жасап.

Жағдайды бағалау және өртті сөндіруге «Қазавиақұтқару», Қорғаныс министрлігі және «Қазавиаорманқорғау» АҚ-ның төрт тікұшағы жұмылдырылды, деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі. Алайда резервтегілер екі тікұшақтың кетіп қалғанын, олардың біреуі жөндеуді қажет ететінін хабарлады.

 

«Сонымен қатар өрт орнына екі Ми-8 ұшағы келді, біреуі Астанадан, екіншісі Семейден. Астанадан келген ұшақ бес рет су төгіп, ұшып кетті. Семейден келген ұашақ су алайын деп жатқанда кабель үзіліп қалды, жөндеуге тырыстық, бірақ болмады. Бұл борт Семейге өз аумағында жөндеуге ұшып кетті. Өрт орнында қазірдің өзінде Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жиынтық құрамасы жұмыс істеп жатыр»  деп хабарлады ведомство.

 

Өрт болған жерге командалық-диспетчерлік техника құрылды. Дағдарыс орталықтарында Төтенше жағдайлар министрлігі мен облыстың Төтенше жағдайлар департаментінің жедел штабтары да жұмыс істейді.

 

«Шамамен алғанда өрт аумағы 800 гектар болады. Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ» деп атап өтті ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі.

 

Күшті жел салдарынан өрттің тез таралуы өртті сөндіруді қиындата түсуде.

 

Бұған дейін өрттің ұлғаюына байланысты Сүгір ауылының 26 ​​тұрғынын эвакуациялау жоспарланып, бұл мақсатқа арнайы техникалар жіберілгенімен, желдің бағыты өзгеріп, ауылға қауіп төнгендігін жазған болатынбыз.