Павлодар облысында автобус 7 жасар баланы қағып кетті
Павлодар облысында адамдар жарақат алған 2 апат орын алды. 4 адам ауруханаға жатқызылды деп хабарлайды kaz.nur.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
 
30 желтоқсанда Майқайың ауылында "ПАЗ" автобусының жүргізушісі 7 жасар баланы қағып кетті.
 
Хабарланғандай, оқиға жолаушыларды көліктен түсіру кезінде болған.
 
Полицияның айтуынша, жүргізуші барлық жолаушылардың қауіпсіз қашықтыққа алыстағанына көз жеткізбеген.
 
Бала Екібастұз ауруханасына жеткізілді.
 
Сол күні таңертең Ленин-Көктөбе тас жолында 3 көлік соқтығысты.
 
Полицияның мәліметінше, Audi жүргізушісі бағыттас жолда келе жатқан Toyota-ға соғылып, содан кейін ВАЗ автокөлігімен соқтығысқан.
 
Жол апатынан ресейлік көліктің жүргізушісі мен жолаушысы, сонымен қатар Audi жолаушысы жарақат алды. Жарақат алғандар Ақсу қаласындағы ауруханаға жатқызылды. Апат бойынша тергеу амалдары басталды.