Оқиға

Павлодар облысында ер адам өзі мен сүйіктісін бензин құйып өртемек болды

  • https://stav.aif.ru/

    https://stav.aif.ru/

Әйел қашып үлгерген және болған оқиға туралы туыстарына хабар берген, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

 

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Екібастұз қаласының полициясына 52 жастағы қала тұрғыны бұрын танысқан ер адамға қатысты шара қолдануды сұраған.

 

- Жәбірленушінің айтуынша, ол алты ай бұрын 61 жастағы ер адаммен бірге тұрған. Кейінірек олар ажырасып кеткен, бірақ ер адам соңынан түсіп, үнемі жұмыстың жанында қадағалап, сүйіктісін қайтаруға тырысқан, тіпті  күш қолдану арқылы қорқытқан, - дейді департаментте.

 

Ер адамның сүйіктісін қайтару әрекеттері іске аспаған соң қатаң шешім қабылдауға кіріскен. 2 қазан күні сағат 17.30 шамасында  52 жастағы қала тұрғынының ауласына келіп, оған және өзіне бензин құйып, өртеуге тырысқан. Осылайша өлтіремін деп қорқытқан.

 

Ер адамға қатысты қауіп төндіру бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 115-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

 

Айта кетейік, ағымдағы жылдың басынан бері Павлодар облысында осыған ұқсас 11 факті тіркелген.

 

 

 

 




Көрілген: 532    Пікірлер: 0

бейсенбі, 11.11.2021, 08:35

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31