Оқиға

Павлодар облысында жас жігіт түнгі төртте жазатайым оқиғаға ұшырады

  • Павлодар облысында жас жігіт түнгі төртте жазатайым оқиғаға ұшырады

    Павлодар облысында жас жігіт түнгі төртте жазатайым оқиғаға ұшырады

Елу бір жастағы әйел төртінші қабаттағы пәтерінің балконынан құлаған сәтте мас күйде болғаны анықталды

Павлодар облысында демалыс күндері бірден үш жазатайым оқиға болды, деп хабарлады жергілікті Pavlodarews.kz сайты.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ақсу қаласында 27 наурызда сағат 04:00 шамасында 25 жастағы жігіт жөндеу жұмыстары кезінде баспалдақпен төмен түсіп келе жатқанда, абайсызда 2,4 метр биіктіктен құлап кеткен.

"Жарақат алған адам ауруханаға жатқызылды", – делінген хабарламада.
Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, 1996 жылы туған науқасқа шат және жамбас сүйегінің жабық сынуы диагнозы қойылған. Дәрігерлер оның жағдайын орташа ауырлық деңгейде деп бағалады. Қазіргі кезде оның жағдайы бірқалыпты.

Сондай-ақ, 27 наурызда сағат 08:10-да Екібастұз қаласының 51 жастағы тұрғыны төртінші қабаттағы пәтерінің балконынан құлап кеткен. Әйел құлаған сәтте мас күйде болғаны анықталды.

Осы күні кешке Байет ауылында 52 жастағы тұрғын үйдің ауласында абайсызда сарай төбесінен құлап кетті.

Оқи отырыңыз: Түркістанда 4 бала өлі табылды - оқиға орнына құтқарушылар мен полицейлер жетті

Айта кетейік, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында Алтай қаласының тұрғыны 4 қабатты тұрғын үйдің шатырында қар күреп жүріп құлап кеткен еді. Алайда ер адам ауруханаға бармаған. Керісінше, қайтадан шатырға көтеріліп, қар күреуді жалғастырған.

sputnik.kz




Көрілген: 2059    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 29.03.2021, 10:57

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31