Оқиға

Павлодар облысында сүйіктісімен ұрысқан бойжеткен көпірден секіріп кетті

  • Көрнекі фото: pixabay.com

    Көрнекі фото: pixabay.com

Павлодарда сүйіктісімен ұрысып қалған 22 жастағы бойжеткен көпірден секіріп кетті. Оны жұмыстан қайтып бара жатқан азамат құтқарып қалған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ өңірдің ҚАЖ департаментіне сілтеме жасап.

 

Қылмыстық атқару жүйесі департаментіндегілер бойжеткенді қарамағындағы азамат құтқарғанын хабарлады. Ол сотталған, қазір пробация қызметінде есепте тұр.

 

Оқиға Усольский ықшамауданында болған. 22 жастағы қыз суға секіріп, айғайлай бастаған. Жолдан өтіп бара жатқан азамат киімін шешіп, қыздың соңынан суға түскен.

 

Ер адам судың салқын болғанын байқамағанын айтады. Ол тек үйге келген соң ғана тоңып қалғанын біліпті.

 

Көп ұзамай бойжеткеннің сүйіктісімен ұрысып қалғаны анықталды.

 

Оны құтқарған азамат пробация қызметінің алғыс хатымен марапатталды.

 




Көрілген: 673    Пікірлер: 0

сейсенбі, 17.11.2020, 01:35

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31