Павлодар облысында уланған жетінші адам көз жұмды

29 мамыр 2022, 21:23

Павлодар облысында белгісіз сұйықтық ішкен тағы бір адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

Осылайша мерт болғандардың саны 7 адамға жетіп отыр. Мұны №3 қалалаық аурухана дәрігерлері растады.

 

Әлгі марқұм аудандық емдеу мекемесіне ауыр халде жеткізілген екен.

 

Қайтыс болғандардың барлығы бір ыдысқа құйылған сұйықтық ішкені анықталып жатыр.

 

Әзірге оның не екені белгісіз.

 

Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

 

Полиция қызметкерлері қазір осы жайтқа қатысты тексеріс жүргізіп жатыр.