Павлодар тұрғыны әйелінің кек алмақ болғанын полиция тоқтатқанда бір-ақ білді

25 мамыр 2022, 08:13

Жедел басқару орталығының бейнебақылау инспекторы тіркеу есебІнде тұрмаған «Infiniti» автокөлігінің қала көшелерінде жүргенін анықтады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, инспектор көлік туралы барлық ақпаратты дереу жақын маңдағы полиция патруліне  жолдап,  тәртіп сақшылары жүргізушіні тоқтатқан.

 

- 36 жастағы қала тұрғыны полицейлерден өзінің көлігінің тіркеу есебінен шығарылғанын, ал мемлекеттік нөмірдің жалған екенін білген кезде шошып кетті. Кейін көліктің иесі оның әйелі екені анықталды. Қазіргі уақытта ерлі-зайыптылар ажырасу үстінде және күйеуіне ашуланған әйел  жолдасына ештеңе айтпастан көлікті есептен шығарған, - дейді департаментте.

 

Ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, көлік құралы мамандандырылған тұраққа қойылды.