Павлодар тұрғыны жиһаз бен тұрмыстық техниканы балконнан лақтырды

25 мамыр 2022, 13:12

 Жұбайына ренжіген павлодарлық төртінші қабаттың балконынан аулаға жиһаз бен тұрмыстық техниканы лақтырды. Бұл туралы sputnik.kz тілшісі Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі.

Бұл жағдай осыдан бірнеше күн бұрын Павлов көшесінде болған.

 

"Кілем, креслолар мен тұрмыстық техниканың бәрін лақтырып жатыр", - деп полицияға қарама-қарсы үйдегі көршісі шағымданған.

 

Оқиға күндіз аулада адамдар, әсіресеғ балалар жүретін кезде болған. Ешкім зардап шеккен жоқ. Үйге тәртіп сақшылары барып, ер адамды сабасына түсірген. Ол полицейлерге бірге тұратын келіншекпен қарым-қатынасы бұзылғанын жеткізді.

 

Оған қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 505-бабына сәйкес ("абаттандыру ережелерін бұзу") бойынша ескерту жасалды.

 

Полицейлер аяушылық танытқан болуы керек. Өйткені бұл бап бойынша оған 20 АЕК (61 260 теңге) айыппұл салынуы мүмкін еді.