Оқиға

Павлодарда 2 жасар қыз көшедегі дәретханаға құлап кетті

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Оқыс оқиға Алматы көшесі, 22 мекенжайы бойынша орналасқан үйдің ауласында болған, деп хабарлайды pavlodarnews.


«3 шілде күні сағат 13:25-те Алматы көшесі, 22 мекенжайы бойынша Павлодарда ауладағы дәретханаға екі жасар қыз құлап кеткендігі туралы хабарлама келіп түсті», - деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.


Оқиға орнына бір техника мен төрт құтқарушы шықты. Құтқарушылар дәретхананың еденін ашты. Альпинистік құрал-жабдықтардың көмегімен төмен түсіп, баланы алып, медицина қызметкерлеріне тапсырды.


«Жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына шақыру түскеннен кейін сегіз минуттан соң келіп жетті», - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасында.


15.04.2017 жылы туған бала облыстық балалар ауруханасының соматикалық бөліміне жатқызылды. Ол дәретхананың шұңқырында қанша уақыт болғаны белгісіз.


ҚазАқпарат


 




Көрілген: 434    Пікірлер: 0

бейсенбі, 04.07.2019, 09:45

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31