Оқиға

Павлодарда 3 адам гаражда газдан уланып көз жұмды

  • https://pavlodarnews.kz/

    https://pavlodarnews.kz/

Павлодар облысында үш адам гаражда көліктен шыққан газдан уланып, мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

 

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Бейбітшілік көшесінің бойында орналасқан гараждан екі ер адам мен бір әйелдің мәйіті табылған.

 

Сотқа дейінгі тергеу барысында анықталғандай, ерлі-зайыпты көлік жөндеумен айналысу үшін гаражды жалға алған. Олар жұмыс істеп жатқан кезде отбасылық досы келіп, бәрі бірге ішімдік ішкен. Гараждың іші суып кеткенде көлікті оталдырып, ұйықтап кеткен.

 

Олардың мәйітін көрші гаражды жалға алған адам тауып, полицияға хабарлаған.

 

«Оқиға орнына келген полицейлер гараждың ішінен автомобиль мұржасынан газ шығып тұрғанын байқаған. Сот-медициналық сараптамаға сәйкес, олар көліктен шыққан улы газдан көз жұмған», - деді ПД бастығының орынбасары Рашад Утеуов.

 

Дәл осындай жағдай 14 қараша күні болған. Гараждан оталып тұрған көліктің дауысын естіген көрші есікті қаққан. Оған ешкім жауап бермеген соң полицияға хабарласқан. Оқиға орнына келген полицейлер оталып тұрған ВАЗ-21150 көлігінен 44 жастағы облыс тұрғынының мәйітін тапты. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды.

 

 

 

 

 




Көрілген: 373    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 17.11.2021, 18:05

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31