Оқиға

Павлодарда ағайынды екі ер азамат анасының көз алдында мерт болды

  • © ktk.kz

    © ktk.kz

Павлодар-Қызылорда тас жолының жиегінде екі туған ағайынды әкесімен бірге мәшиненің дөңгелегін ауыстырып жатқан. Сол сәтте оларды Ленинский ауылының тұрғыны көлігімен қағып кеткен, деп хабарлайды kaz.zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.


Ағайынды Бауыржан мен Ерлан оқиға орнында жан тапсырған, ал олардың әкелері бірнеше ай бойы ауруханада қимыл-қозғалыссыз жатыр. Жантүршігерлік апат 33 жастағы Бауыржан мен 27 жастағы Ерланның аналарының көз алдында болған.


Қайғылы оқиға осы жылдың шілдесінде болды. Зардап шеккендердің бірі - Қызылжар ауылының 63 жастағы тұрғыны ұзақ уақыттан бері екі ұлының өлімі туралы білмеген. Туыстары ақсақалдың қорқынышты жаңалықты көтере алмайтынынан қорқып, айтпай келіпті.


Павлодардың №2 қалалық соты аталған қылмыстық істі қарауды бастады. Айыптау қорытындысын оқу барысында прокурор Әлімжан Шүкенов шетелдік көліктің 74 жастағы жүргізушісі жылдамдықты едәуір асырғанын және соқтығысуды болдырмауға болатындығын атап өтті.


Сотталушы өз кінәсін толық мойындады, бірақ моральдық және материалдық залалды өтеу туралы 25 миллион теңге көлеміндегі талап арызбен келіспеді.


 




Көрілген: 2133    Пікірлер: 0

бейсенбі, 10.10.2019, 10:57

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31