Оқиға

Павлодарда ақшасын талап еткен көлік жуушы әйел соққыға жығылды

  • https://astanatv.kz/

    https://astanatv.kz/

Павлодарда көлік жуушы әйел, жалақысын талап етемін деп таяқ жеген. Ол осыны айтып, өзінің көгерген денесін суретке түсіріп, әлеуметтік желі қолданушыларынан көмек сұрады.

 

Мән-жайды көлік жуу орталығынан сұрап білдік. Мұндағылар ол әйелдің жұмысқа удай мас күйінде келгенін айтты. Әрі оны ешкім ұрып соқпады деп отыр.

 

Елена, ОҚИҒА КУӘГЕРІ:

 

- Оны ешкім ұрған жоқ. Тек кассаға кірмек болғанда кеудесінен итеріп жіберді. Сосын сөмкесін де лақтырып жіберген. Ол сөмкеге емес, қайтадан кассаға жүгірді. Бірақ, ұрған жоқ ешкім. Қайта есікке дейін шығарып салмақ болды. Оның осы әрекетін полицейлерде көрді. Бірақ, ол әйел полицияның көлігіне де отырмай қарсыласты.

 

Біз мән-жайды білмек болып, арызданушы әйелдің телефонына хабарласып көрдік. Бірақ, тілдесу мүмкін болмады.

 

Қазір аталған факті бойынша полиция іс қозғады.

 

Ұрды деп күдікке іліккен жергілікті тұрғын қамауға алынды.

 

Оқиғаның мән-жай тергеу барысында белгілі болмақ.

 

Жасқайрат ҚАЙЫРОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

 

- Бұл оқиға бойынша, арызданушы әйелдің дене жарақатын алғаны анықталды. Күдікке ілінген көлік жуу орнының әкімшісі қамауға алынды. Сараптама жасалды. Тергеу амалдары басталып кетті.

 

 

astanatv.kz




Көрілген: 593    Пікірлер: 0

сейсенбі, 20.04.2021, 01:28

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30