Оқиға

Павлодарда аулада жүрген кшкене қызды көлік басып кетті (видео)

  • http://pavlodarnews.kz/

    http://pavlodarnews.kz/

12 мамыр күні кешке Ломов көшесіндегі 179а үйдің ауласында Nissan Primera жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті.

 

- Жедел жәрдемді пәтерге шақырды. Аулада көлік төрт жасар баланың аяғын басып кеткен. Қызды облыстық балалар ауруханасына табан жарақатымен алып келді. Жағдайы ауыр емес, - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

 

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, жүргізуші сау болған. Департамент ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

 

Денсаулыққа орташа зиян келтірген жол ережесін бұзушыны 100 АЕК-ке дейін айыппұл, түзету жұмыстары, 160 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыс немесе 40 күнге дейін қамау күтіп тұр. Сот жүргізушіні белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан екі жылға дейін айыра алады.

 

Әлеуметтік желіде апат болған жерден видео жарияланды. Автор үйдің ауласында жүргізуші баланы қағып кеткенін айтады.

 

Оның айтуынша, Ворушин көшесі бойындағы жол жабылып, қазір көліктер аула арқылы жылдамдықтарын төмендтпей жүреді. Жазбаны түсірген әйел адам жылдамдықты төмендетуге арналған бөгеттерді орнатуды өтінді.

 

ВИДЕО:  www.instagram.com/p/CBV8L7FnUpK/

 

pavlodarnews.kz


 




Көрілген: 479    Пікірлер: 0

жексенбі, 14.06.2020, 08:57

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31