Павлодарда аялдамадан ер адамның мәйіті табылды

10 маусым 2022, 14:42

Павлодарда аялдамадан ер адам өлі табылды, - деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, ер адам № 18 мектеп маңындағы аялдамадан табылған. Марқұм 1955 жылы туған. 

Дерекке қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалған. Ер адамның денесінде зорлық белгілері жоқ. 

Pavlodarnews.kz.