Павлодарда балаларды сырттай бақылап жүрген ер адам ұсталды

26 мамыр 2023, 09:59

Павлодарда балаларды сырттай бақылаған ер адам қолға түсті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Рavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Оның әрекеті павлодарлықтардың ашуын туғызды.

 

Әлеуметтік желіде тараған фотодан ер адамның біртүрлі киінгенін әрі мектептің сыртқы қоршауынан ішке телміріп қарап тұрғанын көруге болады.

 

- Бүгін сағат 16:35-те бейтаныс ер адам Павлодар қаласы №43 ЖОББМ қоршауынан балаларды бақылап тұрды. Полицияға 5 рет қоңырау шалып, хабарласа алмадық. Барлық операторлар бос болмады. Ата-аналар сақ болыңыздар, - делінген жазбада.

 

Осы жайтқа қатысты қалалық полиция бөлімі өз жауабын берді.

 

- Сағат 17:45 шамасында Павлодар қаласының ПІБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері № 43 ЖОББМ жанында 1970 жылы туған ер адамды ұстады. Ол облыс орталығында тұрады. Оның жеке басы анықталды. Ер адам полицияның учаскелік пунктіне жеткізілді, - делінген жазбада.

 

Сонымен қатар, тәртіп сақшылары жасы 50-ден асқан адамның әңгіме барысында өзін дұрыс ұстамағанын айтты. Осыдан кейін олар №7 бригаданы шақырып,  ер адам ауруханаға жатқызған.