Оқиға

Павлодарда бар күзетшісі қонақты бір соққымен нокаутқа түсірді (видео)

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Павлодардағы барлардың бірінде күзетші қонақтардың бірін ауыр соққымен нокаутқа жіберді. Оқиға ғимарат дәлізінде орналасқан бейнеқабылау камерасына түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

Видео кадрларына қарағанда, бар қызметкерлері екі адамға залға кіруге жол бермеген. Қонақтардың бірі қолын ары-бері сермеген. Осы сәтте күзетші қонақтың қолын қайырмақ болады, алайда ол бірден әрекетіне төтеп беріп, жауап ретінде бетіне соққы жасаған. Сөйтіп қонақ жерге құлап, есін жоғалтып алған. Осы кезде тағы бір күзетші екінші қонақтың мойнынан ұстап, шетке алып кетеді. Осы жерден видео тоқтаған.

 

ВИДЕО:  www.youtube.com/watch

 

Видео Желіде қызу талқыға түскен. Бірі күзетшінің әрекеті дұрыс десе, ендігі бірі оның әрекетіне таңғалған. Оқиға орнынан түсірілген видео полиция өкілдерінің қолына түскен.

 

"Бұл дерек тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу басталды. Сонымен қатар, полиция жәбірленушіден полицияға жазбаша өтініш өткізуді сұрайды", - деп мәлімдеді облыстық департаменттің баспасөз қызметі.

 




Көрілген: 168    Пікірлер: 0

бейсенбі, 27.02.2020, 10:06

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30