Оқиға

Павлодарда Даниал Ахметовтің қарындасын ұрлап кетпек болған

  • Даниал Ахметов. Фото: АгроИнфо. Гульфаз Аубанова. Фото

    Даниал Ахметов. Фото: АгроИнфо. Гульфаз Аубанова. Фото"Окрыленные женщины Казахстана" кітаптан (artstatus-kniga.kz)

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің қарындасын Павлодарда ұрлап кетпек болды. Бұл туралы "Время" басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.


Басылым мәліметінше, Гүлфаз Кенжетайқызын қаланың ортсындағы зәулім үйдің қасында ақ көлікке салып, ұрлап кетпек болған. Абырой болғанда, келіншек қашып үлгерген.


Полиция департаменті өңір басшысының туысын ұрламақ болғанын растады.


Полицияда хабарлағандай, келіншекке шабуыл 18 қыркүйек күні жасалған. Қазір "Ұрлау" бабы бойынша сот алды тергеу жұмысы басталды. Полиция арам пиғылды азаматтарды іздестіруде.


Бұл іске қатысты криминалдық полиция үш нұсқаны қарастырып жатыр. Алғашқысы құн талап ету, келесі тұрмыстық жанжал және қаржы-шаруашылық қызмет.


Қарындасының жағдайы жақсы екеніне сенімді болу үшін даниал Ахметов Павлодарға жеке ұшып келді. Қазір әкім Өскемен қаласына оралды.


"Басылымның хабарлауынша, Гульфаз Аубанова бұрын Павлодар облысындағы денсаулық сақтау басқармасында басшылық қызмет атқарған. Ол сондай-ақ, Павлодар қаласының бірнеше медициналық мекемелерінің құрылтайшысы болып табылады.

Айта кетейік, өңірде ШҚО басшысының ұлоының да кәсібі бар.


Басылым мәліметінше, Ахметовтер әулеті 30 жыл бойы өңірде аса беделгі ие болып отыр. Сондықтан, әкімнің қарындасын ұрлауға тек белгісіз немесе жүрек жұтқан жандар баруы мүмкін.


 




Көрілген: 794    Пікірлер: 0

жұма, 20.09.2019, 10:26

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31