Павлодарда екі ер адам лифт есігін сындырған

03 тамыз 2023, 09:10

Павлодарда екі ер адамның лифт есігін сындыруына қатысты полиция тергеуді бастады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Сормов көшесі, 5/1 үйінің тұрғындары лифтті белгісіз адамдар бұзып, сындырды деп әлеуметтік желіде шағым жазған еді.

 

– Бір апта бұрын лифтті сындырды. Қызмет көрсететін ұйым оны жөндеуден бас тартты, – деп жазды хабарламаның авторы. 

 

Облыстық полиция департаменті аталған факті бойынша зерттеу жүргізіп жатыр.

 

– Сормов көшесіндегі  үй тұрғындарының өтініші бойынша ҚР ӘҚБтК 434-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды, – дейді департаментте.

 

Қазіргі уақытта аталған ер адамдар анықталды, оларды  ұстау үшін шаралар қабылдануда.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz