Павлодарда ер адам қызды құтқарамын деп өзі суға батып кетті

03 тамыз 2021, 19:41

Суда жүзе алмайтын 2010 жылы туылған қыз Ертіс өзенінің үлкен тереңдіктен басталатын бөлігіне түсіп, артынша суға бата бастаған, деп хабарлдайды Pavlodarnews.kz тілшісі.

 

Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға Ертіс өзенінде болған.

 

-          Бүгін 112 пультіне қыз баланы құтқару кезінде ер адамның суға батып кеткені туралы хабар келіп түсті. Куәгерлердің айтуынша, 1962 жылы туған ер адам суға батқан қызға қарай жүзіп барып, оны шетке лақтырып үлгерген. Артынша өзі суға бата бастаған. Қыздың өмірін сақтап қалған ер адамды іздеу жалғасуда, деді Павлодар қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы Азаматтық қорғаныс тобының- офицері Темірлан Жапалбай.

 

Құтқарушылар ер адам мен баланың бір -бірімен туыстық байланысы жоқтығын, қыздың анасымен бірге болғанын, әрі оған медициналық көмектің қажет болмағанын атап өтті.

 

Айта кетелік, шомылу маусымы басталғаннан бері, 19 адам суға батып кеткен. Оның 3-і бала.