Павлодарда жаппай төбелеске қатысқандар тергеліп жатыр

06 маусым 2022, 19:33

Оқиға 29 мамырда таңғы сағат 04:30-да болған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.

"Major" лаундж-барының күзетшілері мен тұтынушылары арасындағы жанжалдың видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті.

 

Төбелестің бейнежазбасы Шок tipavlo телеграм-арнасында жарияланған. Автор видеоны басынан бастап түсірмегендіктен, шиеленістің неден басталғаны түсініксіз.

 

Бір белгілісі, тәртіп сақшылары осы жағдайға қатысы бар азаматтардың барлығын анықтаған.

 

Сондай-ақ, төбелес кезінде 33 жастағы ер адамның денсаулығына зақым келгені белгілі болды. Күдіктінің біреуі тергеуге алынған.

 

Павлодар облысының 29 жастағы тұрғынына қатысты ҚР ҚК 293-бабының 2-тармағы бойынша стоқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Толық ақпарат тергеу аяқталған соң беріледі, — дейді баспасөз қызметіндегілер.

 

 

Ал желі қолданушылары бұл жерде төбелестің түр-түрі әрі жиі болатынын айтады.

 

"Ең криминалды орын", "Осыны жауып құртыңдаршы", "Келушілер мұндай орындарға барғанда өздерін қалай ұстауды білулері керек", "По-любому, қызға бола...", "Қайталанбас үшін бәрін жазалау керек", — деп жазды көпшілік.