Оқиға

Павлодарда жол қозғалысын реттеп тұрған полицейді көлік қағып кетті (видео)

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Павлодар қаласында жол қозғалысын реттеп тұрған полиция қызметкерін пикап қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Павлодар облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Павлодар қаласында 9 қарашада сағат 14:30-да Назарбаев пен Лермонтов көшелерінің қиылысында «Toyota Hilux» (пикап) көлігінің жүргізушісі жол қозғалысын реттеп тұрған Қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция қызметінің инспекторы, кіші лейтенант Құрманғали Бисембаевты қағып кетті», делінген хабарламада.

Полицей кеудесінен жарақат алып ауруханаға жатқызылды. Оны дәрігерлер қарап шықты, қазір емделіп жатыр.

1989 жылғы пикап жүргізушісі оқиға орнында ұсталды, маманның мәлімдеуінше ол ішімдік ішпеген. Автокөлік айып тұрағына қойылды.

Оқиғаға қатысты ҚР ӘҚБК 310 бабы бойынша әкімшілік өндіріс қозғалды.




Көрілген: 1874    Пікірлер: 0

сенбі, 09.11.2019, 23:12

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31