Павлодарда жүк көлігі өртенді

03 тамыз 2023, 09:02

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі , Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодар қалалық төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше, өрт туралы хабар «101» пультіне 2 тамыз күні сағат 19:35-те келіп түскен.

 

- «Северная» өндірістік аймағы, 511 мекенжайы бойынша өрт сөндірушілер жолдан кузовы жанып жатқан «MAN» жүк көлігін тапты. Өрттің жалпы аумағы 15 шаршы метрді құрады, - делінген хабарламада.

 

Тілсіз жау сағат 19:59-да толығымен сөндірілді.

 

Өрттің шығу себебі анықталуда.

 

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz