Павлодарда КамАЗ оқушылар автобусымен соқтығысты (видео)

06 қазан 2021, 17:19

Павлодарда Элгин және Щедрин көшелерінің қиылысында жол апаты болып, төрт бала зардап шекті, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

 

Жол апаты бүгін түскі сағат екілер шамасында болған. Өрт сөндіретін техника мектеп автобусымен соқтығысып, соның салдарынан төрт оқушы медициналық көмекке жүгінді. Құдай сақап, адам шығыны жоқ.

 

 

Павлодар облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол апатына қатысты сараптамалар тағайындалған. Апатқа кінәлілер тексеріліп жатыр.