Оқиға

Павлодарда кішкентай баласын аялдамаға тастап кеткен әйел табылды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Павлодар облысында аялдамадан табылған 1 жасар бүлдіршіннің анасының қайда екені анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

Айта кетейік, кеше кешкі 21:25 шамасында Павлодар қаласындағы трамвай аялдамасынан кішкентай бала табылған болатын.

 

«VITA Павлодар қаласының іздеушілері» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Екатерина Кудрявцеваның сөзіне сенсек, оларға баланың әжесі хабарласқан. Олар сол арқылы сәбидің анасын тапқан. Баланың аты - Батыр.

 

«Аялдамадан табылған бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Біздің іздеуші жасақ Павлодар полицейлерімен бірге әйелдің қайда екенін анықтап, тапты. Құрметті аналар! Қандай жағдай болса да, балаңызды мынадай суықта далаға бұлай тастап кетпеңіздер», - дейді Екатерина Кудрявцева.

 

 

Әйелдің баланы қалай аялдамаға жалғыз қалдырып, кетіп бара жатқаны камераға түсіп қалған.

 

 

 




Көрілген: 407    Пікірлер: 0

жұма, 27.11.2020, 08:17

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31