Оқиға

Павлодарда қыз үшін төбелескен жігіттердің бірі ауруханаға түсті

  • https://www.hibiny.com/

    https://www.hibiny.com/

Павлодар тұрғындары бойжеткен үшін төбелесіп, жас жігіттердің бірі ауруханаға түскен, - деп хабарлайды Polisia.kz.

 

2021 жылғы 14 ақпанда әлеуметтік желілерді мониторингілеу кезінде "tipavlo" паблигінде Камзин көшесіндегі 160-үйдің кіреберісінде төбелес болғаны туралы бейнеролик жүктелгені анықталды.

 

- Төбелес туралы полицияға ешкім жүгінбеді, полицияны ешкім шақырған жоқ. Бірақ жарияланғаннан кейін бұл факт Павлодар қаласының Оңтүстік полиция бөлімінде тіркелді. Учаскелік полиция инспекторлары аталған фактіге қатысы бар адамдарды анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Нәтижесінде төбелестің барлық қатысушылары анықталды. Мән-жайды анықтау барысында 21 және 23 жастағы азаматтардың бойжеткен үшін төбелескені белгілі болды. Соның салдарынан 23 жастағы азамат жарақат алып, ауруханаға түскен. Құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73-1-бабының 1-бөлігі (Денсаулықтың қысқа мерзімге бұзылуына немесе жалпы еңбек қабілетін тұрақты түрде болмашы жоғалтуға әкеп соққан, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) бойынша әкімшілік іс қозғалды. Материал сотқа жіберілді, - деді Павлодар қаласының Оңтүстік полиция бөлімінің бастығы Жеңіс Жансеркенов.

 

Айта кетейік, жыл басынан бері өңірде денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін 816 әкімшілік іс қозғалды.

 

 




Көрілген: 622    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 15.02.2021, 11:46

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30