Оқиға

Павлодарда полицей асылып қалған күйі табылды

  • © Tengrinews.kz

    © Tengrinews.kz

Павлодарда полицей асылып қалған күйі табылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


Қызметкердің мәйіті көпқабатты үйлердің бірінің гаражынан табылған. Ол Павлодар аудандық полиция бөлімі басшысының 34 жастағы орынбасары Руслан Оспанов болып шықты.


Қазіргі уақытта полиция тергеумен айналысып жатыр.


"Бұл дерек бойынша тексеріс басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды", - деп хабарлады Павлодар облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.


Оның нәтижесін қосымша хабарлауға уәде беріп отыр.


Ал марқұмның туыстары біреулердің қысым көрсеткен болуы мүмкін екенін айтады.


Полиция майоры Оспанов 12 жылдан бері құқық қорғау органдарында қызмет еткен. Оның артында жүкті әйелі мен баласы қалды. Биыл желтоқсанда Руслан Оспанов 35-ке келер еді.


 




Көрілген: 1128    Пікірлер: 0

жұма, 20.09.2019, 14:15

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31