Павлодарда соққыға жығылған оқушы ауруханаға түсті

31 шілде 2023, 21:18

14 жастағы баланың екі қабырғасы сынды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

24 шілдеде кешкі сағат 20:30-да Павлодар көшелерінің бірінде төбелес болған. Бұл төбелесте 14 жастағы жасөспірім бала зардап шекті. Облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметінің мәліметінше, Павлодар көшелерінің бірінде бір апта бұрын кешкі сағат 20:30-да  жасөспірімге көмек керек  деген шақырту келіп түсті.

 

– Жедел жәрдем 10 минутта жетті. Жасөспірім екі қабырғаның жабық сынуы,  бас пен арқасына жарақаттар алған. Зардап шеккен 14 жастағы бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілген болатын, – деді станцияда. 

 

Павлодар облысының полиция департаменті бұл жағдайды зерттеп жатыр.

 

– Оқиғаның барлық қатысушылары анықталды. Қазіргі уақытта ҚР ҚК 107-бабы 4-тармағының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, – деді департаменті.

 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы жасөспірімнің жағдайы орташа аурлықтағы деңгейде деп хабарлайды.

 

– Оған жабық бас сүйек-ми зақымы деген диагноз қойылды. Сондай-ақ, беті, басы, арқасы, кеудесі жарақатттанған, – деді басқармада.

 

Бүгінде ол балалар ауруханасының травматология бөлімшесінде ем қабылдап жатыр. Барлық қажетті емдеу және диагностикалық шаралар жүргізілуде.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz