Павлодарда спектакль кезінде театр қызметкері көз жұмды

23 қаңтар 2023, 16:15

А.П.Чехов атындағы Павлодар облыстық драма театрында спектакль кезінде театр қызметкерінің жағдайы күрт нашарлаған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

"Астана көшесі, 166 мекенжайынан шақыру сағат 18:40-та келіп түсті", – деп хабарлады өңірлік жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметі.

 

Хабарламада көрсетілгендей, ер адам жексенбілік спектакль кезінде өзін нашар сезінген. Театр қызметкерлері көрермендерден залды босатуды өтінген, актерлер қойылымның екінші бөлігін ойнамаған.

 

Директордың айтуынша, марқұм 43 жастағы Виктор Аввакумов сахна монтажшысы болып қызметкер атқарған. Оның өліміне себебі қанның ұюы себеп болған.