Оқиға

Павлодарда танымалдық үшін жолда сальто жасаған жігіт жазаланды

  • Павлодарда танымалдық үшін жолда сальто жасаған жігіт жазаланды

    Павлодарда танымалдық үшін жолда сальто жасаған жігіт жазаланды

  • Павлодарда танымалдық үшін жолда сальто жасаған жігіт жазаланды

    Павлодарда танымалдық үшін жолда сальто жасаған жігіт жазаланды

Павлодарда танымалдық үшін жолда сальто жасаған жігіт жазаға тартылды. Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жас жігіт әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 2 АЕК көлемінде айыппұл арқалады.
Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, әлеуметтік желідегі көрушілер мен жазылушылар санын көбейту үшін адамдар өз өмірлерін адам ойына келмейтін қауіп-қатерге тігеді.

Мәселен, 13 қыркүйекте полицияға 19 жастағы павлодарлықтың сальто жасап жатқан видеосы түскен.

Кадрларда жас жігіттің облыстық әкімдік маңындағы жаяу жүргіншілер өткелінде бес рет сальто жасағаны көрсетілген. Бұл кезде бағдаршамдарда көліктердің жүруіне тыйым салатын белгі жанып тұрған. Оның бұл әрекетін видеоға өтіп бара жатқан куәгер түсірген көрінеді. Видео «гимнаст» тротуарға оралғанда аяқталады, - дейді ПД баспасөз қызметінде.

Жас жігіт полиция бөлімінде өзінің бұл әрекетін интернеттегі парақшасын қызық етіп, жазылушылардың санын көбейту үшін жасағанын айтып түсіндірген. Тәртіп бұзушы еш жерде жұмыс істемейді және оқымайды.
Жаяу жүргіншілер өткелінен өтудің әдеттен тыс және өте қауіпті тәсілі үшін ол ҚР ҚӘКК 615-бабының 1-бөлігі – «жаяу жүргіншілер мен басқа да жол қозғалысына қатысушылардың жол ережелерін бұзуы» бойынша жазаға тартылды.

 

BAQ.KZ




Көрілген: 280    Пікірлер: 0

сейсенбі, 15.09.2020, 08:32

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31