Павлодарда темекі үшін жаппай төбелес болған

24 мамыр 2022, 10:56

Павлодарда темекі үшін жаппай төбелес болды. Оқиғаны куәгерлер видеоға түсіріп алған. Бұл туралы Тengrinews.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz.

Полицияның мәліметінше, 21 мамырда түнгі сағат 00:00 шамасында полицияға Естай көшесіндегі түнгі клуб жанында мас келушілер жаппай төбелесіп жатқаны туралы хабарлама түскен.

 

Тәртіп сақшылары оқиғаға қыздардың да қатысы барын анықтады. Төбелеске қатысқандардың барлығы, соның ішінде қыздар да уақытша бейімдеу орталығына жеткізілді.

 

"Ұсақ бұзақылық жасап, қоғамдық орындарға мас күйінде шыққан тәртіп бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деді полиция өкілі Ренат Шәріпов.

 

Сол күні дәл осындай оқиға Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі түнгі клубтың жанында болған. Бұл жолғы жаппай төбелес бір қорап темекіге байланысты шыққан. Тәртіп бұзушыларға ҚР ӘҚБК 440 және ҚР ӘҚБК 434-баптары бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.