Павлодарда темір жолда болған жантүршігерлік оқиғаның мән-жайы анықталды
Локомотив қағып кеткен ер адамның денесін өтіп бара жатқан тұрғындар тауып алған, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
 
Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті.
 
-  Сағат 12.16-да  «103» қызметіне Циолковский көшесі, 35 мекенжайы бойынша шақырту келіп түсті.  Темір жолға жедел жәрдем бригадасы төрт минуттың ішінде жетті. Оқиға орнына келген кезде  еуропаттық сипаттағы ер адамның  өмір сүруге сәйкес келмейтін жарақат алғаны анықталды, - дейді басқармада.
 
Оқиғаның қалай орын алғаны әзірге белгісіз.
 
 Еске сала кетейік, сағат 11.40-та Шығыс өнеркәсіп аймағында, темір жол кірме жолында локомотивтің 60 жастағы жүргізушісі ер адамды қағып кеткен.