Оқиға

Павлодарда терезесіне тас атылғаны үшін шағымданған тұрғынның өзі жазаланды

  • http://pavlodarnews.kz/

    http://pavlodarnews.kz/

Бұл туралы облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Руфат Кенжин мәлім етті, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

 

- Өкінішке орай, барлығы бірдей  иттер мен мысықтарды, басқа да жануарларды ұстау және серуендету ережелерін сақтай бермейді. Бірақ кейде бұл жағдайлар басқалардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіреді. Әсіресе қабаған немесе күресетін тұқымдастарды  қашып кете алмайтын және басқаларға шабуыл жасамайтын жерде  ұстау керек.  4 сәуір күні Павлодар қаласы полиция бөлімінің кезекші бөліміне ер адам белгісіз біреу  үйінің терезесіне тас лақтырғаны туралы  шағымданды, - дейді Руфат Кенжин.

 

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері қоңырау шалушы шағым түсірген азаматты анықтады. Алайда  ол  ешбір жаман ниеті болмағанын,  өзінің итін жақын аумақтан қашып кеткен алабай тұқымды үлкен иттен қорғау мақсатында  тас лақтырғанын айтып ақталды. Бірақ тас  алабайдың иесінің үйінің терезесіне түскен.

 

- Осылайша, жануарды ұстау және серуендету ережелерін бұзған ірі тұқымды иттің иесіне қатысты ҚР ӘҚБК 408-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, - деді   Руфат Кенжин.

 

Айта кетерлігі, 2021 жылы өңірде ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін, сондай-ақ иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету ережелерін бұзған 1230-дан астам тұрғынды анықтады.

 

 




Көрілген: 525    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 05.04.2021, 22:07

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31