Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Павлодарда ТЖД қызметкері газ баллонын үйден шығарып жатқанда жарылыс болды

27 қазан 2020, 17:10

Павлодар төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері Уәлиханов көшесіндегі үйлердің бірінде газ шығып жатқанын естіген бойда көрсетілген мекенжайға аттанған.

 

Үйде шынымен де ақаулы баллоннан газ шығып жатқан болып шықты. Құтқарушы жарылыстың алдын алу үшін үй иесімен бірге баллонды сыртқа шығаруға шешім қабылдаған.  

 

"Газ баллонын тасымалдау кезінде газ-ауа қоспасы тұтанып, артынша 40 шаршы метр аумақтағы тұрмыстық заттар өртенген. Оқиға орнында 8 адам болды", - деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.

 

Күйіп қалған 1957 жылғы үй иесі ауруханаға түсті. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері Сабыржан Тастембеков те зардап шекті &ndash оның беті мен аяқ-қолының 8%-ін күйік шалған.

 

Ауызашарға тамақ пісіріп жатқан: Шымкентте дәмхана қожайыны мен немересі көз жұмды

 

Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер 83 жастағы әйелді үйден шығарып үлгерді. Оған медициналық көмек қажет болмады. Өртті сөндіруге 18 қызметкер мен 5 техника қатысты. 

 

 

 sputnik.kz