Павлодарда тоғызыншы қабаттан құлаған әйел тірі қалды

11 мамыр 2022, 18:11

Оқиғаның мән-жайы анықталуда, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі , деп Рavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше,  11 мамырда сағат 14.37-де «112» пультіне Ак. Бектұров көшесі, 109  мекенжайынан хабарлама  түскен.

 

- Тоғыз қабатты тұрғын үйде тоғызыншы қабаттағы пәтердің терезесінен үйге жапсарлас салынған «Экстрамед» медициналық орталығының төбесіне 1993 жылы туған әйел құлаған. Зардап шеккен адам ауруханаға жатқызылды, - деді департаментте.

 

Оқиға орнына бес құтқарушы мен бір техника шықты.

 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, әйелдің жасы 30-да.

 

Кеуде омыртқасының сынуы, бас миының шайқаулы диагнозымен   № 1 қалалық ауруханаға жеткізілген. Бұғанасы мен 5,6,7-ші сол жақ қабырғасы сынған. Мас болған. Қарқынды терапия палатасына жатқызылды.

 

Естеріңізге сала кетейік, 9 мамыр күні сағат 02:50-де Павлов көшесіндегі үйдің жанында сыртқы зорлық-зомбылық белгілері жоқ тұрғынның денесі табылған. 84 жастағы ер адам төртінші қабатта орналасқан өз пәтерінің терезесінен құлап түскен.