Оқиға

Павлодарда түнгі барға барған 24 жастағы жігіт қайтыс болды

  • Көрнекі фото: НТВ

    Көрнекі фото: НТВ

Түнгі барға барып, жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққан 24 жастағы павлодарлық ауруханада қайтыс болды. 18 күн ес-түссіз жатып, оңала алмаған. Бүгін әкесі ұлынан айырылып қалғанын хабарлады.

 

Оған дәрігерлер баласының коронавирус жұқтырғанын айтыпты. Жансақтау бөлімінде жатқан баласы кеселді қалай жұқтырғанын әкесі түсіне алар емес.

 

Алғаш ауруханаға түскен кезде ПТР тесті алынып, індет теріс нәтиже берді дейді. Алайда, бір аптадан кейін алған тест, оның коронавирус жұқтырғанын анықтаған.

 

Марат ЖҰМАДІЛОВ, Ә.СОВЕТХАННЫҢ ӘКЕСІ:

 

- Ұлымды алған жарақатынан қайтыс болды және пневмонияда әсер етті деп естіртті. Мен бұл нұсқаға сенбеймін. Ауруханада жатқан кісі қалай коронавирус жұқтырады. Ол жансақтау бөлімінде жатты. Ешбір туысын ішке кіргізбеді карантин - деп. Тек дәрігерлер ғана кіріп жүрді. Демек, олар ауру жұқтырған балама. Өйткені, дәрігерлер оның беті бері қарап келе жатыр деп айтқан еді.

 

Ал денсаулық сақтау басқармасы марқұмның коронавирустан көз жұмғанын растамады. Барлығы сараптамадан кейін белгілі болады – деп отыр.

 

Айта кетейік, марқұмның әкесі бұған дейін де, өзіне түсініксіз жайттармен бөліскен еді. Ол кезде де әкесі түнгі бар қызметкерлерінің ақпаратына сенімсіздік танытты.

 

Айтуынша, оны әлдекімдер демалыс орнына алдап шақырып, ұрып соққан.

 

Қазір бұл іспен полиция айналысып жатыр.

 

Әкесі баласын өлімші етіп сабаған кінәлі жазадан сытылып кете ме – деп қорқады.

 

 

 

astanatv.kz




Көрілген: 392    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 14.06.2021, 22:56

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31