Оқиға

Павлодарда тұрғын үйіне келген жедел жәрдем қызметкерлерін қамап қойды

  • Павлодарда тұрғын үйіне келген жедел жәрдем қызметкерлерін қамап қойды

    Павлодарда тұрғын үйіне келген жедел жәрдем қызметкерлерін қамап қойды

Павлодарда ер адам медициналық қызметкерлердің жұмысына немқұрайлы қарайтындарын айтып шағымданды. Алайда өзі әкімшілік жазаға тартылды.


Облыстық жедел жәрдем стансасының баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 28 сәуірде болды.


Жедел жәрдем қызметкерлері шақырылған үйге жеткенде үй иесі оларға айқайлай бастайды. Жедел келмегендеріне ашуланады. Ол әйелінің жағдайына байланысты дәрігерлерді шақыртқан. Әйелі мен жедел жәрдем қызметкерлерін үйіне қамап кетіп, өзі облыстық жедел жәрдем стансасына аттанады. Басшылыққа қызметкерлерінің дұрыс жұмыс жасамайтындарын айтады. Осыдан кейін ғана әйеліне хабарласып, қызметкерлерді босатуын сұрайды.


Осыған байланысты станса атынан полицияға шағым түсті. Тұрғын 5 АЕК көлемінде айыппұл төледі. Алайда өз кінәсін мойындамайтынын айтты.


Осы оиқғадан кейін де осы мекен-жайдан екі рет жедел жәрдем қызметіне қоңырау түсті. Біріншісінде әйелінің күйзеліске түскені, екіншісінде денесінде көгерген іздер бары анықталды. Зардап шегуші ауруханаға жатудан бас тартты.


stan.kz




Көрілген: 780    Пікірлер: 0

жұма, 03.05.2019, 12:13

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31