Павлодар облысында өрттен тағы бір бала көз жұмды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Рavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, 21 желтоқсанда сағат 01:03-те Алтай көшесі, 9/2 мекенжайында 4 пәтерлі шпал үй жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.
- 5 бөлмелі пәтер толығымен жанып, төбесі құлаған. 2 бөлмелі пәтердің қабырғасы жанды және шатырдың ағаш құрылымдары жартылай қираған. Өрт сөндіру барысында 5 бөлмелі пәтерден 2016 жылы туған ұл баланың денесі табылды, - деді департаментте.
Сондай-ақ өрттен зардап шеккен 1983 жылғы әйел адам қалалық ауруханаға және үй иесі 1962 жылғы әйел адам облыстық ауруханаға жатқызылды. Ал, 1985 жылғы ер адам дәрігерлердің тексеруінен өтті.
Өрт сағат 03:01-де толығымен жойылды. Себебі, залалы анықталуда. Өртті жоюға 40 өрт сөндіруші мен 9 өрт техникасы, апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері жұмылдырылды.
Өрт 150 шаршы метр аумақты қамтыды.