Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Павлодарлық дәрігерлер биіктен құлаған қыздың өмірі үшін күресін жалғастыруда

26 желтоқсан 2022, 17:23

Дәрігерлер жасөспірім қызға ота жасатудың қажеті жоқ екенін айтуда, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті.

 

– Науқастың жағдайы өзгеріссіз, - деп нақтылады басқармада. – Оның жағдайы өте ауыр. Дәрігерлер оның өмірі үшін күресуді жалғастырып келеді.

 

Естеріңізге сала кетейік, 15 жасар қыз Павлодардағы тұрғын үйдің 8 қабатының терезесінен құлаған еді. Ол ауыр жағдайда облыстық балалар ауруханасына жатқызылған болатын.