Павлодарлық жігіт болашақ қайын атасының жағын сындырды

06 маусым 2022, 18:19

Павлодар қаласында 25 жастағы жігіт сүйіктісінің сөзін сөйлеп, оның әкесінің жағынан екі рет ұрған. Оқиға шаһардағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің кіреберісінде болған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі Павлодар қалалық №2 сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі.

Қалалық соттың хабарлауынша, көпқабатты үйдің кіреберісіндегі жағдай 2022 жылдың қаңтарында тіркелді.

 

Әке мен қыздың арасында жанжал туындап, артынша бойжеткен жігітіне қоңырау шалған. Осыдан кейін ер адам оқиға орнына дереу жеткен. Қыздың әкесінің "ешкім емессің" деген сөзінен кейін жігіт ер адамның жағынан екі мәрте ұрып жіберген. Салдарынан егде жастағы азаматтың миы шайқалған.

 

Зардап шегуші медицина қызметкерлері мен полицейлерге жүгінген. Осыдан кейін факті бойынша қылмыстық іс ашылған.

 

Сотта зардап шегуші қызының жігітімен татуласқысы келмейтінін, моральдық шығынды талап ететінін мәлімдеген.

 

Нәтижесінде жас жігітке бір жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Оған тұрғылықты жері мен жұмысын ескертусіз өзгертуге, сондай-ақ кафелерге, барлар мен мейрамханаларға баруға тыйым салынып отыр.