Оқиға

Павлодарлық қаскүнем қарт әкесінің төрт ай бойы жинаған зейнетақысын ұрлап кеткен

  • http://kabar.kg/

    http://kabar.kg/

Павлодар тұрғыны әкесінің төрт ай бойы жинаған зейнетақысын ұрлаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Облыстың криминалды полиция басқармасының басшысы Балғабай Қапаровтың мәлімдеуінше, 75 жастағы ауыл тұрғыны полицияға шағымданған. Ол өзінің банк шотынан қомақты қаржы ұрланғанын жеткізіпті.

 

"Жедел уәкілдер қылмыс жасады деген күдікпен зейнеткердің 34 жастағы ұлын ұстады", - дейді криминалды полиция басқармасының басшысы.

 

Анықталғандай, күдікті ер адам өз телефонына банктің мобильді қосымшасын орнатқан. Оған әкесінің жеке мәліметтерін енгізіп, авторизация жасаған. Сөйтіп 647 мың теңгені өз картасына аударып алыпты.

 

Кейін әкесі жүргізілген операциялар туралы біліп қалмас үшін барлық хабарламаны өшіріп тастаған.

 

Ер адам қомақты ақшанының барлығын өзінің жеке қажеттілігіне жұмсапты.

 

Зейнетақысын ұлы ұрлағанын естіген қария қатты таңғалған. Енді ер адамға ата-анасы мен заң алдында жауап беруге тура келеді.

 

Айта кетерлігі, "Anti-fraud" жедел профилактикалық шара барысында ақпараттық желі қолданушыларына қатысты жасалған 27 алаяқтық фактісі анықталды.

 

Естеріңізге салсақ, бұған дейін Павлодар облысында қымбат автокөліктерді ұрлады деген күдікпен ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталған болатын. Қылмыстық топтың құрамына Қарағанды облысының үш тұрғыны кірген.

 

 




Көрілген: 536    Пікірлер: 0

сенбі, 13.02.2021, 17:22

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30